Қадірле, Қастерле, Құрметте

歌词
Қадірле ана, әкені, қадірле әрі адал некені.
Ұмытпассың тәрбиені, қадірле отбасын киелі.
Адамзат біліп жүр сұрақ-жауабы бар о дүниені.
Қадірле тәңірді,
Қадірле шынайы досты.
Құдайым бір жолда,
Жолдасты қосса.
Қадірле кітапты Кәрим,
Етпе аяқ асты.
Жатпасын шаң басып босқа.
Қастерле, сырт соққан алтын уақытты,
Бақыт бұл, екі келмес асыл жақұттай.
Қастерле жастық шағыңды
Бала сағымды, сөнеді қызыл от жалындай.
Қастерле, сау кезіңде ден саулықы,
Дау кезінде біл жеңген жау мықты.
Екі қол аяқ жүргеніңе, сүргеніңе,
Екі көз, құлақ-ауыз біліп көргеніңе.
Қадірле, қастерле, құрметте,
Тек құтылар, ақыл әмірі сананы би еткен.
Қадірле, қастерле, құрметте сен,
Ар-намыс қасиет бір туған адал ниетпен.
Қадірле, қастерле, құрметте,
Тек құтылар, ақыл әмірі сананы би еткен.
Қадірле, қастерле, құрметте сен,
Ар-намыс қасиет бір туған адал ниетпен.
Құрметте, тәңір сүйген ұлы бабаларды,
Құрметте пайғамбар, сахаба даналарды.
Әтең-ай әттең кеше, бүгін, ертең,
Тең болайық ағайын тек бір құрметпен.
Қастерле өз тіліңді, дініңді,
Қастерле ұлы дала өзегі бар түбіңді.
Қастерле ұлықсыз дүние тар лас түрме,
Ізеттілік бар әдет ғұрып, дәстүрде.
Қадірле, төкпе ішер суды,
Қадірле, өкпе болатын бау орман нуды.
Қадірле, тіле аман болуды.
Көтер ұлтты биікке, көтер көкке көк туды
Қастерле, қалам, кітап пен дәптерді,
Мұғалім, мектеп үйретті әріптерді.
Алсаң білім, ақыл көрер биіктерді,
Басынан төк, төгер болсаң қара терді
Қадірле жер ананы, қадірле Отанды,
Қара шаңырақ байтақ дала жотаңды.
Жұасаң ауа, ай мен күн аспанда,
Қадірле нан, тұзыңмен татқан сорпаңды.
Құрметте барлық кішіні,
Кіші оның тек қана пішіні.
Құрметте әлбетте жас үлкен кісіні,
Басы бардың соңы бар,
Өйткені адам оның есімі.
Қадірле, қастерле, құрметте,
Тек құтылар, ақыл әмірі сананы би еткен.
Қадірле, қастерле, құрметте сен,
Ар-намыс қасиет бір туған адал ниетпен.
Қадірле, қастерле, құрметте,
Тек құтылар, ақыл әмірі сананы би еткен.
Қадірле, қастерле, құрметте сен,
Ар-намыс қасиет бір туған адал ниетпен.
Қадірле, қастерле, құрметте,
Тек құтылар, ақыл әмірі сананы би еткен.
Қадірле, қастерле, құрметте сен,
Ар-намыс қасиет бір туған адал ниетпен.
专辑信息
1.Intro
2.Көшеде
3.Дала Дарындары
4.Пайдасыз Бос Күндер
5.Жадыра Жаным
6.Екі Жол
7.Ұмытпа
8.Қасымдасың
9.Ердің Жолы
10.Көзден Жас Ақты
11.Бауырым
12.Ішіңде Кім Бар?
13.Мылқау, Керең, Соқыр
14.Қадірле, Қастерле, Құрметте
15.Пайда Не?
16.Қараңғы Бөлме