歌词
Ахау, бикем, жар-жар,
Алма мойын, ақ сұңқар.
Қош-есен бол, құрбым-ай,
Құрбылықпен жүрдім жай,
Бір күн ауру, бір күн сау,
Таба алмадым бабыңды-ай.
Өткен іске өкінбе,
Бір келмесін білдім-ай.
Дала дарындары бұл!
Даланың ұлдары бұл.
Әр сөзі қауіпті,
Бұл әлемді ауытты.
Дала дарындары,
Дала ақындары.
Классиктер отаны,
Оттай лапылдады.
Бұл революция,
Орта Азиядан, иә.
Тақиялы қазақтар,
Salamalec мафия!
Шекердей тәтті әнді шет елден таппайсың.
Бекерге бұзба тәнді, жүректі тез даттайсың.
Бірі өлі, бірі - еліктеумен шыққан ән.
Бірі өте қауіпті әр сөзінде бар мән.
Бір күн ауру, бір күн сау, ахау деген халқым-ау.
Жақсы жаман тең емес, олардыкі тек атау.
Ажырата білейік, бәрібір демейік.
Мақтауғы лайқтыны ақылменен іздейік.
Көп бугін жұлдыздар тыр-жалаңаш ұл-қыздар.
Көпшілік ұнатар - негізінде құнсыздар.
Көгілдір көк жігіт қызтеке сияқты
Ақылынан адасқан, тексіз білмей ұятты.
Көп бүгін жұлдыздар бейшара ұл-қыздар
Жан ұясы қираған, атақтылар, байғұстар
Нашақор, нәпсіқор, сараңдар, зінәқор.
Жүректері құлыпты, бақытсыздар жаны қор.
Дала дарындары бұл!
Даланың ұлдары бұл.
Әр сөзі қауіпті,
Бұл әлемді ауытты.
Дала дарындары,
Дала ақындары.
Классиктер отаны,
Оттай лапылдады.
Бұл революция,
Орта Азиядан, иә.
Тақиялы қазақтар,
Salamalec мафия!
Қарсы ал, дайынсың ба ақындарды тыңдауға,
Құлақ сал, дала дарындары ән шырқауда.
Тура бағыт таңдауда, име басыңды жауға,
Өйткені өзге халық дәстүрімен жаулауда.
Дала дарындары, даланың ұлдары,
Жырлары қауіпті, жастарға шипа-дәрі.
Тас жарған гүлі, бас жарады әлі!
Батыстың зәріне еліктеуде неге бәрі?
Өнер ұшын ұштайық, сатылмайық ақшаға,
Айтқан сөзім ұшқан оқ, құл және патшаға.
Не пайда, естімесе халқым оны, не пайда?
Тойхана, сахнада мұндайларды айтпай ма.
Халықты қор қылмай, қауіпті сөзбен ор.
Билей алсаң билеп көр, бұл әуен хардкор.
Арам пиғыл тарт қол, нәпсіде сақ бол.
Ақыл жолы - ізгілік, тірліктерде хақ бол.
Дала дарындары бұл!
Даланың ұлдары бұл.
Әр сөзі қауіпті,
Бұл әлемді ауытты.
Дала дарындары,
Дала ақындары.
Классиктер отаны,
Оттай лапылдады.
Бұл революция,
Орта Азиядан, иә.
Тақиялы қазақтар,
Salamalec мафия!
专辑信息