Пайдасыз Бос Күндер

歌词
Таңертеңгі ұйқы тәтті,
Тіпті бүгін ояну қалайша қиын.
Кеш жатты бала,
Кешегі жиын, өзгертті көңіл күйін.
Анасы тұр-тұр-тұр деді, жуынып, киін.
Ұйқысы қанбаса да, көзін ашты ол әрең,
Жұмысқа жиналды деп анам мен әкем.
Әйтеуір бәрі бір жаққа асығуда,
Ал, оған неге бәріне де бәрібір екен.
Дастархан, шәй-пәй қызуда,
Әкесі миды жеп ұрысуда.
Беріліп ашуға,
Айыптымын мен.
Мысалға жұрттың баласын айтты,
Ал біздің бала тек бізді қартайтты.
Күнде кешігеді, жақын болсада мектеп,
Әдет болды ұрып-соғу әлсізді тектен-тек.
Кітапсыз, қолда бір дәптер қырық беттен,
Қол жетпес арман болды, баға алу бестіктен.
Мұғалім сабақ сұрап қинауда,
Оқушы қу өтірік сөз айналды дауға.
Он бірінші сынып, соңғы жыл,
Жас түлек сауат ашуда
Ал оның ойы ертерек одан қашуда.
Соңғы екі сабақ, екі досқа қажетсіз,
Қыдырып жүргені сол, қылықтар әдепсіз.
Ауызда темекі, сырадан ішіп бір-екі,
Мәз-мейрам үйреніп қалған оған еті.
Ұстап алып көшеде әкесі боқтады шешеден,
Не жүріс, сабақ қайда, үйге бар көрсетем.
Досым жарайды қоштаспаймыз кешке дейін,
Үйге барып кішкене әкемнің таяғын жейін.
Бір ғана күн, неге соншама көп ұрыс,
Мәселе сонда неде, кім біледі не дұрыс.
Тым-тырыс өткен өмірдің несі жақсы,
Нәпсіқор бала, ата-анасының төгілді жасы.
Жүректе бар әуен,
Соны тыңдағым келеді.
Өкпеге қажет ауа,
Ал арбаға дөңгелек.
Адамдар кімге ғашық,
Таңдауда есік ашық.
Пайдасыз бос күндер,
Зиянын тұрар шашып.
Жүректе бар әуен,
Соны тыңдағым келеді.
Өкпеге қажет ауа,
Ал арбаға дөңгелек.
Адамдар кімге ғашық,
Таңдауда есік ашық.
Пайдасыз бос күндер,
Зиянын тұрар шашып.
Ұйқысы қанып, дайын кешкіге жоспары,
Жуынып-киініп шықты, аялдама достары.
Аудан, бір топ жастар ашылып аспаны,
Құмардың түр-түрі - бала есіре бастады.
Жігітсымақ есірткіге әуес болды бүгін,
Түбі әйтеуір ағызады ауыз көбігін.
Қылмысқа жаңа қадам басқан жасөспірім,
Қаупсіздік сақтаушылар таныды оның түрін.
Дабыл-дабыл, қызыл атқаруда қызмет бабын,
Аты-жөні тіркеуде, білмейді түрме алқабын.
Табынып құдайға, тастамашы бұл жағдайда.
Маңдайға жаза көрме, өзгеремін алайда.
Темір тор, қасында жоқ ешкімі,
Қорқыныш биледі, еске алып ескіні.
Зар жылап жүріп шығарды әке-шешесі,
Ал бұл бір ғана күннің кескіні.
Ата-ананың барлық ойы балада,
Баланың бақыты да ойы да далада.
Айтшы, екі адал жанға кім қатал?
Өмір шынында сабақ бірде у, бірде бал.
Сақта – деген сөз қазақта бір өлең,
Ыстық сөзден нәпсі шоқ боп өлген.
Сақта таза рухты жүрек түбінде,
Бұзылмасын өмірің күдердің күнінде.
Жүректе бар әуен,
Соны тыңдағым келеді.
Өкпеге қажет ауа,
Ал арбаға дөңгелек.
Адамдар кімге ғашық,
Таңдауда есік ашық.
Пайдасыз бос күндер,
Зиянын тұрар шашып.
Жүректе бар әуен,
Соны тыңдағым келеді.
Өкпеге қажет ауа,
Ал арбаға дөңгелек.
Адамдар кімге ғашық,
Таңдауда есік ашық.
Пайдасыз бос күндер,
Зиянын тұрар шашып.
专辑信息
1.Intro
2.Көшеде
3.Дала Дарындары
4.Пайдасыз Бос Күндер
5.Жадыра Жаным
6.Екі Жол
7.Ұмытпа
8.Қасымдасың
9.Ердің Жолы
10.Көзден Жас Ақты
11.Бауырым
12.Ішіңде Кім Бар?
13.Мылқау, Керең, Соқыр
14.Қадірле, Қастерле, Құрметте
15.Пайда Не?
16.Қараңғы Бөлме