歌词
Ойланып сөйле, бала, тілден қағынасың,
Айтуын айтып, кімнің артына тығыласың?
Анаңды жылатып неғыласың?
Шамаңды білмей, несіне қуанасың?
Көшелерді білсең, көпті ұғасың,
Кімді тыңдап, кімге сенім артасың.
Кіммен бас қосасың. Білесің бағасын.
Қиналсаң, ойланып, амалын табасың,
Ұрса ұрасың, қуса қашасың, қысса атасың,
Зыңды ұнатасың, ақшаға құмарланасың.
Қиын өмір қанатыңды қимасын, басыңа іс салмасын.
Қиын сәтте бауырын сатқан оңбас.
Сақта есте, өмір кесте, кезек.
Іс-әрекет қажет, көшеде өскен бала көпті біледі.
Иә, көпті біледі.
Көшелерді білсең көпті ұғасың,
Кімді тыңдап, кімге сенім артасың?
Кіммен бас қосасың?
Айтшы қазақтың несіне таңқалудасың?
Көбі өшуде, даланың ұлы тап боп көшеге,
Ішіп жегенге мәз, аңдығаны атау-палау,
Итше үріп, қаңғығанды алдап, талау.
Тепсе темір үзер, аяқ-қолы балғадай,
Арба сүйреп, қап көтерер ағатай.
Таймайды жолынан, дейді жекпе-жек,
Көрпеше төсеп артына төмпешектің,
Бойжеткенді бүлдіретін мына жануар,
Әрине осыдан кейін нашарлайды арулар.
Бұты талтақ, қолтығы жараға не шара?
Бейшараның сөзі де, амалы да шала.
Қазақ, тұлға туса артынан оқ атады,
Білмедім неге, қатын қылықты ұнатады.
Тоқ бала аш баламен ойнамас,
Аш бала тоқ баланы аямас.
Астаң-кестеңін шығарды-ау қаланың,
Аспан төңкерсе бітеді дауы даланың.
Кәрі бала жас баламен ойнамас,
Әлі жас кәріге еліктеп, тіл алмас.
Нас қылық сиіп, тышар дастарханыңа,
Қараңғы халық болсада бәрібір ханыңа.
Ал енді алып кел құлақты,
Алдыңда тентектер, тығып қой саусақты,
Бұл көшенің әндері, шегіп жапырақты,
Кинодай өмірлері, соңында вахта,
Қайда күлкілерің, а?
Johnny is here baby, қазақша рэп керім бауыр,
Ойымда көп сөз, бітпейді дәптерім,
Қара қала, қара түтін мінекей өнерім,
Қасымдағы достарға менің респекттерім.
Бүгін тиын болса Құдайсың, жоқ болса малайсың.
Бір рет алданып қалып, өзің де алдайсың,
Түлкідей қу болсаң көшеде, жарайсың,
Бірақ байқа достым, бітеді энерджайзерің.
Көше деген бір мектеп, келерсің еңбектеп,
Содан соң сәл өсерсің тәй басып ептеп,
Ақырын қанат жаярсың күннің күнінде,
Кетіп қал уақытында, қалмай шөлмек түбінде.
Бала кезден өскен дос, айналып стақандасқа,
Қалды саған қараудан қаракөз қарындастар.
Жігер қалмай бойыңда мұның бәрін тастайтын,
Аяққа нық тұрып жаңа өмір бастайтын.
Әкеңнің сөзін тыңда, отбасың саған қорған,
Ұры-қарыға еріп, талайы мерт болған,
Көшені ұмытпа, айттым ғой бұл мектеп,
Жақсыға жақында, жамандықтан шектел.
Адам боп өніп-өс, биіктерге самға,
Қару-жарақ пен құмар - мұның бәрі жалған.
Көшеде өскесін, көрдік тәрбиесін,
Бойға сіңірген ұғым тек тура бағыт берсін.
专辑信息