歌词
Біріншіден тыңдарманға жалынды сәлемім,
Бұл күйтабақ шығуын, асыға сен күткен едің.
Көрген-білгенді жырлау, атадан қалған өнерім,
Әр айтылған сөзім мұра, сірә қалмас көнеріп.
Қазақ өзі жыршы деген сонау заманнан,
Аз-ақ адам түршігеді сөз тепкенде санадан,
Саналылар санаулы, елдің көбі керең,
Жақтырмай бет бұрады, болса ойың терең.
Әр жазылған шумақ бермек рухыңа қуат,
Майя не десе де, бұл туынды тумақ,
2013 мәңгі тарихта қалмақ,
Отбасы да шығарды алғашқы жинақ.
G.H.A.D деп аталған соң, сөз жерге тапталмасын,
Іштен шыққан жан айқайы өз тыңдаушысын тапсын,
Әділеттік таңы атсын, еркін сөз өмір сүрсін,
Екі жүзді қорқақтар бізден аулақ жүрсін.
Қысқа мазмұны осы, бұл альбом емес, кітап,
Басты мақсат ояту, жатқандарыңды ұйықтап,
Назар аудар! Бұл жинақ қауіпті қару,
Тағдырына жазылғаны тек қана жару!
Құласаң нардан құла, болма миғұла,
Екі жаққа да бірдей батыста құбыла.
Ұғынуда кім нені, таңдауда ерік бар,
Нық тұр, бүгілме, жету керек анығына.
Байырғы қоғам мына бұл кең даланы мекендеп
Қайтпастық танытып жырлауды білген тек.
Қазақ текті тобыр, азап шектім демейді,
Ебін тауып береді керегің кең пейіл.
Кел биыл рухың мен тәніңді емдейін,
Икемді боламын деп, ит еміп кетпейін.
Өйткені құнын білмеу, өнердің көмілгені,
Бағаланбаса туынды, көңілдің кірленгені.
Кешегі «Перішетелер»ді білді іштегілер,
«Тас жарған гүлдей» «Жыламасын сәбилер»
«Тыңдауың қажет», «Қоңыр күз» әрдайым есте
«Бес бармақ жұмылар» ертелі ме кешпе.
«Сәлем хат», бәріне дәлел хат, өнерден мәнер тап.
«Бұл біздің толқын» дала арт.
«Өзгермеймін», «Күнде»,«Ауладағы ереже»
«Дайын бол» дайын альбом тербел ендеше
Ал енді не дейміз еліңе ықпалыңды тигіз,
Ал енді не дейміз еліңе ықпалыңды тигіз,
Еліңе тигіз ықпалыңды дейтініміз,
Мәдениетті көтеру деген бір ниетіміз.
Ал енді не дейміз еліңе ықпалыңды тигіз,
Ал енді не дейміз еліңе ықпалыңды тигіз,
Еліңе тигіз ықпалыңды дейтініміз,
Мәдениетті көтеру деген бір ниетіміз.
专辑信息
1.Intro
2.Көшеде
3.Дала Дарындары
4.Пайдасыз Бос Күндер
5.Жадыра Жаным
6.Екі Жол
7.Ұмытпа
8.Қасымдасың
9.Ердің Жолы
10.Көзден Жас Ақты
11.Бауырым
12.Ішіңде Кім Бар?
13.Мылқау, Керең, Соқыр
14.Қадірле, Қастерле, Құрметте
15.Пайда Не?
16.Қараңғы Бөлме