歌词
Арылғым келеді үнемі ұстап тұрады бірдеңе
Өз-өзіме келем деп біраз болды жүргеніме
Әлі де ауадамын жоспарларым да ауада
Мен де бір рөл атқардым иттей өліп қалсамда далада
Елестет келе жатсың, келеді шэпл
Жиі аузымнан атып тұратын болды сэмпл
Соғылар деп бір күні тереземе құстар
Жаным қанша шыдар? бар болсаң бұл зынданнан шығар!
Қабырғалар, жарық аз таңда да кешкісін
Зарыңды кімге естіртпекшісің?
Батпақ сенікі емес! шыдам, төзім сұрақ - жауап ойыны сенімді көзір
Сәтсіздік, шұңғыл шұңқыр, табалау, қызғаныш, мейлі!
Тек ғана бизнес үрлеп іш қайтесің пейілін
Қызық алда бұл емес соңы фильмнің
Сызбаңды сыз! кімде жоқ қиындық?
Ғұмыр - сәт
Аңғал - сақ
Дауа - дақ
Ауа - бақ
Ғұмыр - сәт
Аңғал - сақ
Дауа - дақ
Ауа
Арылғым келеді үнемі ұстап тұрады бірдеңе
Өз-өзіме келем деп біраз болды жүргеніме
Әлі де ауадамын жоспарларым да ауада
Мен де бір рөл атқардым иттей өліп қалсамда далада
Қайда? неге? кіммен? кіммін?
Жайында қалды сыртқы дүние,кейін түсіндім
Жазда сайға, қыста қырға кеп тірелдім түсі ақ - қара болды түстерімнің
Кеше бастағандардың ізі көрінбей армандарға тасталғандай болды құм
Сол сәттерде мені ештеңе де ілмейтін
Жігерлі сілтеуі болатын ба еді ағынның
Пұл рөл ойнауы керек, бірақ, басты емес
Аш болсаңда берілме, бір - ақ кеңес!
Бұл бес! бары осы кессең кес!
Бұл тэст! жақсы ғой ештен кеш!

专辑信息
1.Auada