歌词
[«Bylygyp» әнінің тексті]
[Шумақ 1]
Мен үшін жалғыз болғаным артық
Міне сенің асыл сыйлығың
Бәрі кетті былығып
Шыңым алыс, бірақ маған жеткілікті
Қорқыныш — сенің биігің
[Рефрен]
Билігің, темір билігің
[Қайырма]
Ұмыттырдың
Үмітімді
Алды да, кетіп қалды да
Енді неге келді қайтадан?
Алданайық
Бұл сонда айдан анық
Қайталайық
Тағы да, міне, тағы да
[Шумақ 2]
Үнімді қайтар
Айтарым бар, бірақ қалай айтам?
Назарым басқада, алғыр сайтан!
Бұндайыңды алдым қайдан?
Бастысын белгілер, қимыл-әрекет
Қазірше қажетсіз, бос ертегілер
Иә, қорқыныш болсын сенің биігің
[Рефрен]
Билігің, темір билігің
[Қайырма]
Ұмыттырдың
Үмітімді
Алды да, кетіп қалды да
Енді неге келді қайтадан?
Алданайық
Бұл сонда айдан анық
Қайталайық
Тағы да, міне, тағы да
[Бридж]
Сенің асыл сыйлығың
Бәрі кетті былығып
Қайттын, эй?
Қорқыныш — сенің биігің
[Рефрен]
Билігің, темір билігің
[Қайырма]
Ұмыттырдың
Үмітімді
Алды да, кетіп қалды да
Енді неге келді қайтадан?
Алданайық
Бұл сонда айдан анық
Қайталайық
Тағы да, міне, тағы да
专辑信息
1.Erikpe
2.Bylygyp
3.Úıde
4.Sheker
5.Eń Sulý
6.Kún Men Aıym
7.Qaldyrma Menі
8.Sapar