歌曲 / 歌词

Qyzdar-ai (Remix)

AmreListen on Apple Music

歌词

Қыз деген қырдың қызыл қызғалдағы
Өмірдің сырлы сымбат сұлу сәні
Бұраң бел оймақ ауыз қызыл ерін
Жігіттің ойлайтыны бір арманы
Қыздардың теңдесі жоқ бір асыл зат
Ежелден бағалаған оны адамзат
Қыздарға әсемдікті сыйға тартқан
Ерекше мүсін берген бұл табиғат
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қасың қандай
Ашық түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай

Қыз емес қыздың аты қызыл алма
Сұлулық әсемдікті жиған бойға
Ай қабақ алтын кірпік қиылған қас
Қыздарды ұқсатамын туған айға
Жезтаңдай күміс күлмей сырғалым-ай
Майысып тал шыбықтай тұрғаныңда-ай
Жалт етіп қарағанда бойым балқып
Бөленіп махаббатқа тұрғаным-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қасың қандай
Ашық түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қасың қандай
Ашық түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қасың қандай
Ашық түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қасың қандай
Ашық түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай
Мөлдіреген қалқам-ай
Мөлдіреген қалқам-ай
Мөлдіреген қалқам-ай

更多歌手作品

专辑信息

Qyzdar-ai (Remix) →
  1. Qyzdar-ai (Remix)