Baqytty bolshy

歌词
Жүрегімде не болып жүргенін кім білер
Ыржиып жүремін қылып өзімді әуре
Болмай-ақ қойшы, түсінбейсің
Сөйлемей-ақ тіпті көрген маған ұнайды
Жымиған бетіңдегі тәтті нүктелерді
Бәрібір де түсінбейсің
Қанша ұят болса да ессіз сағынамын
Осындай ма екен ғашық болудың мәні
Мен білмеймін, түсінбеймін
Алыстаған сайын шақырымға әрбір
Алдымдағы уайым шақырады тағы
Неге олай, түсінбеймін
Бақытты болшы - менің саған тілейтінім
Бақытты болшы, сен соған лайықтысың
Бақытты болшы - менің саған тілейтінім
Бақытты болшы, сен соған лайықтысың
Тұңғиықтың құшағында жүрек сөгіледі
Ұйқысыз түндерде қылып өзің әуре
Болмай қойшы, түсінбейсің
Сөйлемей-ақ тіпті сезген маған ұнайды
Ренжулі күйіңдегі ерке мінезіңді
Бәрібір де түсінбейсің
Қанша ұят болса да ессіз жасырамын
Осындай ма екен жалғыз болудың мәні
Мен білмеймін, түсінбеймін
Алыстаған сайын шақырымға әрбір
Алдымдағы жаңа өмір шақырады уақытымен түсінесің
Бақытты болшы - менің саған тілейтінім
Бақытты болшы, сен соған лайықтысың
Бақытты болшы - менің саған тілейтінім
Бақытты болшы, сен соған лайықтысың
Эй, өзгенің құшағында боларсың мүмкін
Мен, мен өкінбеймін тек тілейтінім
Сол өзгенің сенің көзіңе мен секілді қарағаны
Қанша алыс болсаңда, қанша қолым жетпесе де мен
Мен сенің жаныңдамын ,білесің ғой
Бақытты болшы (бақытты бол) - менің саған тілейтінім
Бақытты болшы (бақытты болшы) , сен соған лайықтысың
专辑信息
1.Janbyr astyndagy bi
2.Baqytty bolshy