歌词
Тәтті ұйқының құшағына беріліп
Жатты сұлу, үнсіз турмын телміріп
Ақ дидарын, айдай жүзін көргенде
Бойым балқып, кетті сезім еліріп
Ай секілді, маңдайдағы қиғаш қас,
Беттегі мең - сайда жатқан қара тас
Дем шығарып баяу ғана жупардай
Қорғасындай толықсиды қарындас
Күнім туып бақ жулдызым жанатын
Уақыт болсам мәңгі тоқтап қалатын
Болсам етті , әттең дүние-ай сол көрпе
Қушып, сүйіп құшағыма алатын
Дәурен қайда маған оны сүйетін?
Менің , оны шын сүюғой ниетім
Не сол көрпе астарының бір сабақ
Жібі болсам денесіне тиетін
Күнім туып бақ жулдызым жанатын
Уақыт болсам мәңгі тоқтап қалатын
Болсам етті , әттең дүние-ай сол көрпе
Қушып, сүйіп құшағыма алатын
Күнім туып бақ жулдызым жанатын
Уақыт болсам мәңгі тоқтап қалатын
Болсам етті , әттең дүние-ай сол көрпе
Қушып, сүйіп құшағыма алатын
专辑信息
1.Qyzyl Korpe