歌曲 / 歌词

哈语民歌串烧 警哥组合

警哥组合110Listen on Apple Music

歌词

Шет жүрсем сағынарым
Жабықсам шағынарым
Анашым бір өзіңсің
Табынарым
Анашым шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Жас едім өмірге еркін бойламаған
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсемДағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған
Шарықтап кетсемДағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған
Жан әке, шертіп сезімДомбырасын
Кеудемді қуанышқа толтырасың
Қуан сен, қуана бер, әкетайым
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Жабығып қалғаныңда
Таусылып талғамың да
Арылып ауыр мұңнан
Бір сәтке алдануға
Қасыңда бір болатын
Жасысаң сынға алатын
Жапанда жаяу қалсаң
Аямас мінген атын
Көңілге нұр беретін
Өмірге бір келетін
Не көрсе бір көретін
Бір досың керек екен
Құрбым жан құрбым
бала кезімнен
Бақыт көріп ем
қара көзіңнен
Кеттің ұмытып
мәңгі ұмыттың
Жібін үздің ғой
нәзік үміттің
Кеттің ұмытып
мәңгі ұмыттың
Жібін үздің ғой
нәзік үміттің
Өртенген сезімді
Қалайша өшірем?
Балауса кезімді
Қалайша кешірем?
Қалайша кешірем?
Кешірем
Алғашқы махаббат
Жүректі тербейді
Мәңгілік бақ құсым
Коштасқым келмейді
Коштасқым келмейді
Алғашқы махаббат
Жүректі тербейді
Мәңгілік бақ құсым
Коштасқым келмейді
Коштасқым келмейді
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың жаны терең сай
Тасыған өзен күрілдеп
Ауылдың жаны терең сай
Тасыған өзен күрілдеп
Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы
Қазақтың данасы
Жасы үлкен ағасы
Бар демес сендей бір
Адамның баласы
Бар демес сендей бір
Адамның баласы
Барады аулым көшіп Қызылжарға
Таң атар шолпан туар сызылғанда
Көзіңнің мөлдірін ай
Осы әнге тамылжытып сала берем
Көңілім сені ойлап бұзылғанда
Көзіңнің мөлдірін ай
Құландай жүйрік майда жал-ай
бар ма екен біздей ынтызар-ай
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін-ай
Угай-угай әніміз
Ән салайық бәріміз
Угайлатып ән салмай
Келіспейді-ау сәніміз
Аман есен болайық
Көріскенше бәріміз
Угай-угай әніміз
Арпа-бидай дәнімз
Угайлатып ән салмай
Келіспейді-ау сәніміз
Аман есен болайық
Көріскенше бәріміз
Аман есен болайық
Көріскенше бәріміз

更多歌手作品

专辑信息

哈语民歌串烧 警哥组合 →
  1. 哈语民歌串烧 警哥组合