歌词
“Әуен, әуен”- деп, boy,
Өртедім тағы да бір джоинт.
Өмір - үлкен бір ойын,
Ал менде толы points.
Сөйлерде маған, boy,
Алдың ба бұл жерде орынды ойып?
Одан да,
Тіліңде Абай Бол.
2 жыл бойы дәптерімді шимайлап, мен бүгін ғана қаламды үстелдің үстіне қойдым.
Кім не демед? Кім не қаламад?
Бірақ көздерімнің ішінде сол баяғы ою.
Шашым мың түрлі түске боялса да,
Менің Стиль-ім әлі де қою.
Бір жылдан аса маған дым дәрілер қажет емес,
Ұшуға секілді боинг.
Күні кеше ғана: Алтын Ордадан жаяу тура қалаға.
Соңғы екі мыңмен шықтым, үйден арманды мен қуалауға.
Жалдамалы пәтерден қаңғыбастарға толы ауданға,
Тек музыка ғана қалтамда.
“Әуен, әуен”- деп, boy,
Өртедім тағы да бір джоинт.
Өмір - үлкен бір ойын,
Ал менде толы points.
Сөйлерде маған, boy,
Алдың ба бұл жерде орынды ойып?
Одан да,
Тіліңде Абай Бол.
Мына аудан көрсетуде кімнің кім екенін,
Уақытпен келе-келе.
Сырттай тон пішкендер: менің найкімді киіп көргенде, бәрі өзгерді.
Кеше сөреде тұрған гучи худи, бүгін мен үшін жәй second hand.
Әңгіме тиын, модада емес,
Әңгіме мәңгілік дүниеде оның бәрі дым емес.
Сеніміңді шайқайды бала мұнда талай рет, сондықтан байқа,
Тілегіңді сыбырларыңда, бауырым, тіліңе қарайлап, сен жындардан абайла.
Ал менің арқамда әруақтары аталарымның және де бір тайпа,
Өнеріме бата бере айтад: кең бетпақдаланы, балам, қане, шайқа!
Төбемізде күн сөнбесін бірақ та..
Сенің де миыңда, көп, білем, сұрақтар.
Мен де келемін түнектен жарыққа, жырақтан.
“Әуен, әуен”- деп, boy,
Өртедім тағы да бір джоинт.
Өмір - үлкен бір ойын,
Ал менде толы points.
Сөйлерде маған, boy,
Алдың ба бұл жерде орынды ойып?
Одан да,
Тіліңде Абай Бол
专辑信息
1.Abai Bol