Atajurt (Из к/ф «Лето 1941 года»)

歌词
О, байтақ дала, көрмедің тыныш заманды
Шіліңгір ыстық, сұп-суық айдың нұрында
Қайғыдан-мұңнан жердің де жүзі қабарды
Сен туып-өскен, бабалар өткен бұрында
Қоштаспай ерлер жөнелді киіп кебенек
Сынақта сынбай, қылышын сермеп, от кешіп
Сағыныш деген сезіммен олар керемет
Атажұртпенен қиялда ғана беттесіп.
Күн күйдіргенде дүние тегіс жалындап
Төгілген қанды сіміріп жатыр айтақыр
Жастығын алып жығылып, мәңгі дамылдап
Таппады тыным астында айдың қай батыр?
Кіндіктің қаны киелі нәр деп білемін
Түйіршігінде – жусанның иісі, аршаның
Отаның аман – тұрғанда соғып жүрегің
Ажал да алыс арайлап атса әр таңың
Сан қасіретке қыңқ етпес айдын тақырлар
Естіді соңғы есіл бір ердің ұранын
Тоқымдай жерін қорғаумен өлген батырлар
Астында айдың тапты ғой бақи тұрағын
专辑信息
1.Atajurt (Из к/ф «Лето 1941 года»)