歌词
Оның іші тар,ақылы таяз
Ол көрпенің астында, далада аяз
Оның оқиғалары көп, ешкім естімеген.
Оның оқиғалары көп, ешкім көрмеген
Есін білмеген..
Аспан бозарды, көздер қызарды
Түтін бұрқырады, түнде жыр құрадым
Өкпе өкпелейт, нәпсім рахмет айтат,
шабыт жұлқылады
припев (Qarakesek)
Жәймен төмен кетіп барад, ол кетіп барад,
Аймен жылдармен өтіп барад, өтіп барад
Сұрақтары көп бірақ жауаптары жұмбақ,
Кім кінәлі, кінәлімін ба?
Кім кінәлі, әлде кінәлі түн ба? түн ба? түн ба?
Түн кінәлі,
Кінәлә түннің бәрін.
Сырларыңды білетін, түн
Түн, түнгі үн, түн түтін
Кінәлә түннің бәрін.
Сырларыңды білетін, түн
Түн, түнгі үн, түн түтін
Болдың ба? қондың ба? оның қасында тоңдың ба?
Жылу бермеген адамның денесін өзіңе көрпе қылдың ба?
Қара аспанға, не күтесің бұл аспаннан
Бәрі аспаптар өмір рас таптады
Шыныменен енді рас таптады.
Табылама сенің енді батырың,
Табылама үй болатын шатырың.
Кетіп барад үйден үйге ақырын
Беймәлім оған болар шақырым
Соңғы кезде, кезде.
Өтті бәрі лезде, лезде
Жылдам кеткен уақыттар
Ойланбастан кәне тездет.
Ол ойлады барлығы оңай болад деп,
түнгі түнектен көрінбей қаламын деп
Жапалақтап қар көз жасыңды білдірмейді
Жел соқпаса шөптің басы сілкінбейді
Қиялға беріліп, құлдыйлады төмен
Жүрегі сезе алмайд, сезімді ерте көмген
Сенде соңғы мүмкіндік бар әлі
Ойды кетіретін ұмыттыратын дәрі
Жер мен көктей біздің арамыз.
Қыс мезгілін енді созамыз
Сезім керек болмаса тоңамыз,
Қар түскенде еске аламыз
сезім сезе алмайд, өз-өзін алдайд
Естеліктер ойында көз төмен қарайд
аспаннан сұрайм саған сана бер
маған жолама өтінем бара бер
专辑信息
1.Түн