Kyz Zhany (feat. Miko, Marina)

歌词
Алаштың қызы негізнде сыпайы,
Әуретін жаба туған, көкірегінде құдайы.
Құмардан тұтылған нашар делінбейді,
Жар жарына дейін ажары оның анайы,
Кіші пейіл, инабаттылық әлі кеудесінде,
Ейе боп арына, ұрынбайды бәлеге.
Киелі ақ неке сый сақтаған еріне,
Әйел жаны сиқырға тән.
Алтын сырға әшекей, тәніңді жүр паш етпей.
Жылтырағанға құмар, қомағай ғой айғыр кей.
Қанекей сақ бол, пәк пиғыл батпа мұңға,
Бақ құрма, батпақ жолда
Алып күш Голливуд, ішқырыңда буып ал.
Бұл топан еліктірер, жас буынға қу қамал.
Туыт ана алдырма, сәбиде сәби жатыр.
Заман солай қайтейін, таусылмасын тағатың.
Ана болу, арқа болу,
Күйеуге адал япырм-ай
Қызығы ермен, қылығы көркем
Қыз көңілі япыр-ай
О-о-ооо Алаш тәлімі осылай!
О-о-ооо Алаш тәлімі осылай!
Түнде төгілген жас, ұлпа жастық құшақтап,
Ермен көрген күні сол, ойнаспен былғатпақ.
Тап бүгін доғар дер ем, қойғам ойсыз терең,
Мәртебең үстем болсын, асыл ана деген.
Молада жатып бай болып, ұрпағы кәпір сол кедей,
Мүсәпір атын жамылған ит нағыз ұры әккідей.
Бұл сарында бала көп, бұлардың бәрін ана туды,
Бұларға енді кім үйретті, жан жарасын қанатуды.
Алдауынан арбаланып, күмән артса еріне,
Аманаттың қанын сезіп, іште балаң тебіне.
Тегіне тартып туар-ау, палуандай балаң-ау,
Ғұмырыңнын мәні сол, ішіңде жансын от алау.
83тің мың айын, әжең арнап Құдайына.
Атаң малай болса егер, жетерме еді ел мұнайна.
Мұңаймай қабыл ап, басқа берген бағын ол,
Анадан ер туса егер, семсерді шебер меңгерер.
Ана болу, арқа болу,
Күйеуге адал япырм-ай
Қызығы ермен, қылығы көркем
Қыз көңілі япыр-ай
О-о-ооо Алаш тәлімі осылай!
О-о-ооо Алаш тәлімі осылай!
Алаш тәлімі осылай!
专辑信息
1.Kyz Zhany (feat. Miko, Marina)