歌词
Әркімнің-ақ бір Айгүлі бар шығар,
Толған айы, ақ шолпаны, таң шығар.
Жасай бергін жарқын жүзді Айгүлдер,
«Айгүл» - мәңгі айтылатын ән шығар.
Айгүлім, Айгүлім
Аспандағы Ай, Күнім.
Сен күлімдеп тұрғанда,
Болмақ емес қайғы-мұң.
Айгүлім, Айгүлім
Базарым да байлығым.
Сен күлімдеп тұрғанда,
Арта берер айбыным.
Арулардың емессің сен жай бірі,
Құлпырасың қызғалдақтай май гүлі.
Көрген адам көз айырмай қарайды,
Болсыншы деп арманымның Айгүлі.