歌词
Іштей мың рет шашылып,
Бір жиналсам да,
Мен бәріне
Күн боп шашамын бақыт сәулесін тылсымдап!
Саған тым оңай,
Ал мені қинайды қиялдар.
Мың түрлі сезім жиі алдайды.
Сонда да үміт ауасын
Жұтам, күмән тарасын,
Сенім туы көгімде.
Адаспа бел бу, бу, бу,
Бұл еркіндік әлемге
Өзіңді дәлелде!
Біздің әлемге кел, бол, бол, бол, бол,
Бұл заңсыз әлемге
Өзіңді дәлелде!
Қош келдің, сәлем де!
Бар әлемге тең бұл әлем,
Lala-lala-lem!
Гүлдейсің мұнда сен,
Lalalem!
"Ауыр күн бітпейді"
Деп уайым кетпейді.
Бәлкім, жүректен жарық бағыттайды
Түнекте жарыққа.
Ашу жеңді (мейлі-мейлі)!
Адастырды (қамалдар)!
Сенімімді (қаптасын)!
Ол қаштырды!
Сонда да үміт ауасын (жұтшы),
Күмән тарасын!
Күмәнді өртеп (өрте!),
Мәңгі көкте!
Иә, иә, иә, иә, қатты мен
Ойыма терең баттым, эй,
Сананы мазалап,
Сезімдер жазалап,
Мені өртеп барады.
Ал мен білмейм күйреуді атымен,
Өзімді жұлдызға теңеп,
Бұлтты төсеп жатам мен.
Тек сендей пенде
Кейде құлаймын,
Сенен сұраймын,
Шаттан деп.
Адаспа бел бу, бу, бу,
Бұл еркіндік әлемге
Өзіңді дәлелде!
Біздің әлемге кел, бол, бол, бол, бол,
Бұл заңсыз әлемге
Өзіңді дәлелде!
Қош келдің, сәлем де!
Бар әлемге тең бұл әлем,
Lala-lala-lem!
Гүлдейсің мұнда сен,
Lalalem!
"Ауыр күн бітпейді"
Деп уайым кетпейді.
Бәлкім, жүректен жарық бағыттайды
Түнекте жарыққа.
Бәрі бетперде!
Маған сөйлеме!
Дым қызық емес!
Өзім жалғыз-ақ сынға
Толы ауыр көпірден
Бәрібір өтем!
Қарап елікте,
Жай қарап елікте,
Ақыл айтып, сен, бала, ерікпе!
Іштей алыстың,
Бірақ ешкім табылмады қаста!
Ал сен,
Қол соз сол арманға,
Көңіліңнен түрлі мұңды қиып таста!
Іште сақта,
Бұның бәрі құпия,
Бұның бәрі құпия.
Бұның бәрі тым қиял.
Құпия, тым қиял,
Бұның бәрі жай қиял.
专辑信息
1.Lalalem