歌词
Туған жерім айналайын атыңнан,
Саған деген сағыныш қой шақырған
Көк тіреген бұл тауларың күш берген
Көкпарларда құламауға тақымнан.
Жазираң бар жанар отын жандырған.
Тарихың бар талайларды таң қылған.
Ақсақ Темір Алтын шоқы үйдіріп,
Асқақ Ерлер Хан Ордасын салдырған.
Көк байрағым аспаныңда Ұлытау,
Қыран ұшқан асқарыңда Ұлытау.
Асқақ тауын, атырабын Алаштың
Арқа тұтар жастарың да Ұлытау.
Үш жүзімнің бар қамалы Ұлытау,
Ұларың да самғар әлі Ұлытау
Бір өзіңнен қанат жайған ұлдардың,
Әні өзіңе арналады Ұлытау.
Ұлытауым желің дауа таңда ескен,
Тастарыңда таңбалары бар көштен.
Тасты жарған бұлағыңнан су ішіп,
Топты жарған ұлдарың бар наркескен.
Ұлытауым-туған жерім заңғар шың.
Елге мақтан, естігенге армансың.
Алғаш кіндік қаным тамған бұл жерде
Алаш айтып жүретіндей ән қалсын.
专辑信息
1.Ұлытау