歌词
Сырттыңнан көрмесем күнде мен,
Жай табамын ба?!
Кезім жоқ сені аңдып жүрмеген,
Байқамадың ба?
Не пайда тулаған сезімнен,
Табысайықта.
Танысқым келеді өзіңмен.
Танысайықта?
Қай жылғысың, қай жақтансың, қайдан жолықтың?
Қарындас-ау күннен-сұлу, айдан-көріктім!
Өзіңе деген шын көңілім,
Тап-таза менің.
Болғанда ұялы нөмірің,
Хат жазар едім.
Жүрекке жүрмейді əмірім,
Жатыр қаншама ой.
Танысып қалудың Тəңірім,
Сəтін салса ғой!
Қай жылғысың, қай жақтансың, қайдан жолықтың?
Қарындас-ау күннен-сұлу, айдан-көріктім!