歌词
Баяу
Келемін жаяу,
Қала шамы,
Жап-жарық бәрі ояу.
Баяу
Келемін жаяу
Арман ойда
Көңілімде жоқ қаяу...
Өтеді уақыт
Маған бір бақыт таяу.
Қала,
Бір сұлуды көрдім жаңа
Басқалардан бөлек, дара
Тамылжыған таңғы арай...
Қара,
Отжанарың жана, жана
Кезіктірдім неге ғана?
Болды маған арман-ай...
Тыңда,
Көзіңді жұмда
Бәрін сезін
Бақытты кезің бұлда.
Тыңда,
Көңілсіз тұрма
Өмір жолы
Жүрегім толы сырға
Күтеді алдан
Жақындап арман
Жылда
Қала,
Бір сұлуды көрдім жаңа
Басқалардан бөлек, дара
Тамылжыған таңғы арай...
Қара,
Отжанарың жана, жана
Кезіктірдім неге ғана?
Болды маған арман-ай...