歌词
Басқаларға ұқсамайды аппақ əлемің,
Тек мен үшін өскен гүлсің!
Көктен іздеп бақытымды таппаған едім,
Сен жерде не істеп жүрсің?
Қанаты жоқ періштесің жерде жүрген,
Ешкімге бұйырмаған.
Періштем, саған ғашық пендемін мен,
Өзіңсіз қиын маған!
Періштем менің жерде жүрген,
Кінə жоқ шығар сенде мүлдем.
Алтыннан қымбат періште көріп,
Жолынан тайған пендемін мен.
Өзіңмен дүние гүлденеді,
Бақытты қылшы күнде мені.
Періштем кешір, мен сені сүйсем
Жүрекке əмір жүрмегені!
Сен адасып жершарына келдің бе түнде,
Адасқанда айып бар ма?
Періштем-ау, жүре берші жердің бетінде,
Көзімнен ғайып болма!
Қанаты жоқ періштесің жерде жүрген,
Ешкімге бұйырмаған.
Періштем, саған ғашық пендемін мен,
Өзіңсіз қиын маған!
Періштем менің жерде жүрген,
Кінə жоқ шығар сенде мүлдем.
Алтыннан қымбат періште көріп,
Жолынан тайған пендемін мен.
Өзіңмен дүние гүлденеді,
Бақытты қылшы күнде мені.
Періштем кешір, мен сені сүйсем
Жүрекке əмір жүрмегені!
Періштем менің жерде жүрген,
Кінə жоқ шығар сенде мүлдем.
Алтыннан қымбат періште көріп,
Жолынан тайған пендемін мен.
Өзіңмен дүние гүлденеді,
Бақытты қылшы күнде мені.
Періштем кешір, мен сені сүйсем
Жүрекке əмір жүрмегені!