歌词
“Сәлем” деп хат жаздым,
Жауап болмады бырақ та.
Жүрегіме басылған мұң,
Сыртына шықты жылап.
Мәңгілікке сенімен,
Кеткім келеді алысқа.
Уақыттар аз қалды енді,
Ұшайық бірге ғарышқа.
Қойшы, қарашы тамсаншы,
Уайымдама артта қалды бәрі.
Келгендей біз күткен бұл уақыт,
Өзіңсін жүрегіме дәрі.
Түсімде де, өңімде де,
Көремін сенің бейнеңді.
Сақтаймын ойыма сол бір сәтті,
Күлімсіреген жүзіңді де.
Ескегім батып суға,
Толқынға сендім.
Шаршадым ізін қуып мен,
Көлеңкеңнің.
Жауабың қайсы,
Жіберген құсым қайтып
қолыма келді.
Қосарлы екі құстың жанғанын күтіп,
Сен бе едің жандыруды қалған ұмытып.
Білмедім ай,
Сен үшін мендік тарау қалғанын бітіп.
Самғайды көкке,
Мен жіберген қанатты құс.
Қалмайды шетте,
Мен жіберген қанатты құс.
专辑信息
1.Sálem