歌词
Қайтадан кеудеме оралшы,
Қайтадан үзілген жіп байлансын.
Мүмкін емес демеші олай,
Түсін, мен сені жібере алмаймын.
Жаман бала сертін ұмытады,
Қараңғы бөлме жүректі суытады.
Қызғаныш алдап тағы у шашады,
Шын сүйгендер қосылмай жұбатады.
Естеліктер мені жылытады,
Қалай енді бәрін ұмыта алам?
Сағыныш бізді қайта оятады,
Сезім сөнбей кері оралтады.
Қайтадан кеудеме оралшы,
Қайтадан үзілген жіп байлансын.
Мүмкін емес демеші олай,
Түсін, мен сені жібере алмаймын.
Қайтадан кеудеме оралшы,
Қайтадан үзілген жіп байлансын.
Мүмкін емес демеші олай,
Кешір, мен сені жібере алмаймын.
Ок baby
Бәріне кінәлі өзім.
Бәріне кінәлі мінезім.
Көкірек жібермейді, йә
Төмен түскім келмейді, йә
Қалай бағалай алмадым мен үшін тамған жасты?
Неге тәкәппарлықтан маспын?
Үзілді сенсіз жолым,
Жалғыздықтан тоңып,
Қалтырамашы қолым,
Болды ма сезім соңы?
Білем, саған келгенде мендегі сылтаулар бітпейді,
Кешір дақтар үшін бірақ
Кешірім сұрау жетпейді.
Сия таусылса қанмен жазуға дайынмын сезімімді.
Осы түн бөгелмейміз,
Осы түн көз ілмейміз.
Қайтадан кеудеме оралшы,
Қайтадан үзілген жіп байлансын.
Мүмкін емес демеші олай,
Кешір, мен сені жібере алмаймын.
Қайтадан кеудеме оралшы,
Қайтадан үзілген жіп байлансын.
Мүмкін емес демеші олай,
Кешір, мен сені жібере алмаймын.
жібере алмаймын
жібере алмаймын
жібере алмаймын
专辑信息
1.SIYA