歌词
ҚАЗАҚПЫН
Тамырында қан ойнаған
Таңым азат арайланған.
Тұлпарым бар төске өрлеген
Дұшпанына дес бермеген
Қазақпын
Жанарында от билеген
Найзағаймен көк түйреген
Жауынгермен жау келгенде
Жауырынына оқ тимеген
Қазақпын
Дуылғалы бас кескен,
Тамырын терең тас тескен.
Болашақтың қамы үшін,
Басын тігіп бәстескен
Төре тұрып төр берген,
Қолжа тұрып қолберген.
Қасарысқан қас жауды,
Қанжығама өңгерген
Қазақ елім аай!
Алдырмаған жатқа мүлдем,
Алтын жалды атқа мінген.
Жасқанатын жалғыз ғана,
Жаратушы хақ тәңірден.
Қазақпын
Атырау мен алатаудан,
Алтай, арқа, Қаратаудан.
Тарихымды таңба қылып,
Тасқа жазып тарата алған.
Қазақпын
Тобылғы сап қамшы алған,
Толғай толғай ән салған.
Үйге жылан енсе де,
Ақ тамызып қарсы алған.
Ұлы орта кіші жүз,
Ұлы орданың күшіміз
Көк байрақпен бірге өссін,
Көкте қыран құсымыз.
Қазақ елім ай
Охохохоооу
Қазақ елім ай
Дуылғалы бас кескен,
Тамырын терең тас тескен.
Болашақтың қамы үшін,
Басын тігіп бәстескен
Төре тұрып төр берген,
Қолжа тұрып қолберген.
Қасарысқан қас жауды,
Қанжығама өңгерген ооу
Қазақ елім аай, оооуу
专辑信息
1.Qazaqpyn