Абай-Гималай

歌词
Заңғарым, ақылшым кемел, данышпан Абай
Мыңменен жалғыздан жалғыз алысқан Абай
Айналып қазақ елінің төлқұжатына
Ұрпақпен ұлы далада табысқан Абай
Судағы айдың сәулесін ән қылған Абай
Даламның дауысы болып жаңғырған Абай
Әлемді тереңдігімен таң қылған Абай
Қазаққа ойдан қазына қалдырған Абай.
Жазиралы кең дала мекенім
Бабамның атын мақтан етемін
Біліңдер Абай - Қазақ екенін
Біліңдер қазақ - Абай екенін!
Ұлтымды жақсы болуға сүйреген Абай
Мансапқа, дүниеге бас имеген Абай
Қаланар кірпіш бол деген кетігін тауып,
Бауырдай барлық адамды сүй деген Абай.
Түспеген халықты ойлап күйге қай Абай.
Шыңғыстау, Қасқабұлақ пен Жидебай-Абай.
Ақылдың шыңындай болған бәріміз үшін
Патшасы өлең мен сөздің Гималай-Абай
专辑信息
1.Абай-Гималай