Zaman-Ai (Original Soundtrack "Tole Bi")

歌词
1) Өткен талай ғасырлардан,
Небір жайсаң асылдардан,
Ой, Заман-ай!
Ұлағатты, өнегелі,
Ғибрат қылған көнедегі,
Ой, Заман-ай!
Төртеу түгел болса егер,
Келер ырзық төбедегі,
Ой, Заман-ай!
2)Жеті жарғы, Алты Алашқа,
Әділдіктің қазығы еді
Ой, Заман-ай!
Үйсін, Төле, Әйтеке би,
Қаз дауысты Қазыбегім,
Оу, Заман-ай!
Әз-Тәукенің заманында,
Дала заңын жазып еді.
Оу, Заман-ай!
Төртеу түгел болса егер,
Келер ырзық төбедегі,
Ой, Заман-ай!
3)Салт-дәстүрін сақтай білген,
Сөз семсерін саптай білген,
Оу, Заман-ай!
Ел үмітін ақтай білген,
Тура сөзге тоқтай білген,
Оу, Заман-ай!
Әділдікті сақтай білген,
Өткір сөзді Төле биім,
Оу, Заман-ай!
Дұшпандарын таптай білген,
Батырлардың басын қосып,
Оу, Заман-ай!
Ту астына топтай білген,
Дала заңы, баба заңы,
Оу, Заман-ай!
Ар алдында соттай білген,
Қазағымның Төбе биі,
Оу, Заман-ай!
专辑信息
1.Zaman-Ai (Original Soundtrack "Tole Bi")