Ең Алғашқы

歌词
Аяулы гүл ме едің жоқ жұмбақ жыр ма едің
Сырымды білмедің сен маралым-ай
Майысып жүргенің еркелеп күлгенің
Бәрі де бір менің жан қалауымдай
Жаныма беттеші байқамай өтпеші
Сезімді кетпеші сен бағаламай
Құралай мүсіндім барынды түсіндім
Әнімді ұшырдым мен шағаладай
Ең алғашқы өзіңсің ақ таңым, тәтті әнім
Ең алғашқы сезімсің бақыт деп тапқаным
Ең алғашқы өзіңсің ақ таңым, тәтті әнім
Ең алғашқы сезімсің бақыт деп тапқаным
Жолыға қалдың да жұлдыз боп жандың ба?
Сезіне алдың ба бір сағынышты
Ерекше еркіңе махаббат дертіне
Болдым ғой көркіңе мен бағынышты
Әнім боп самғашы самғашы талмашы
Тек маған арнашы бар тілегіңді
Үмітті жалғашы адасып қалмашы
Жоғалтып алмашы сен жүрегімді
Ең алғашқы өзіңсің ақ таңым, тәтті әнім
Ең алғашқы сезімсің бақыт деп тапқаным
Ең алғашқы өзіңсің ақ таңым, тәтті әнім
Ең алғашқы сезімсің бақыт деп тапқаным
Ең алғашқы өзіңсің ақ таңым, тәтті әнім
Ең алғашқы сезімсің бақыт деп тапқаным
Ең алғашқы өзіңсің ақ таңым, тәтті әнім
Ең алғашқы сезімсің бақыт деп тапқаным
专辑信息
1.Ең Алғашқы
2.Алтыным
3.Бір Досың Керек Екен
4.30-Дан Асып Барамын
5.Жүрегім Ақ
6.Қаланың Қызы
7.Туған Күн
8.Әке Ана
9.Сұрама
10.Пах-Пах
11.Махамбет
12.Арман Күндер
13.Туған Жер
14.Я за тебя умру