歌曲 / 歌词

Аңсарым

Kairat NurtasListen on Apple Music

歌词

Сені іздеп күнім жиекке жығылады
Қызыл да жасыл дүние құбылады
Жанарыма кеп түйір жас тығылады
Сезімім тамшы әйнекке ұрылады
Сыңар аққудың сыңсиды сынық әні
Сол әнді жаным өзіңдей кім ұғады
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Қайрылмастан рас па кеткенің
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Сағым болған менің көктемім
Алмасып күнмен көгімде ай қалады
Терезесінен көңілдің ай қарады
Тарыдай ғана жұмыр жер айналады
Мен емес сені қара түн аймалайды
Жарық күніңмен жылытқан бар ғаламды
Жүр екенсің-ау мекендеп қай қаланы
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Қайрылмастан рас па кеткенің
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Сағым болған менің көктемім
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Қайрылмастан рас па кеткенің
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Сағым болған менің көктемім
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Қайрылмастан рас па кеткенің
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Қайрылмастан рас па кеткенің

更多歌手作品

专辑信息

Үздік Әндер, Vol. 1 →
  1. Анама
  2. Арман
  3. Аялдамадағы Ару
  4. Аспанға Қараймын
  5. Әкелер
  6. Адамдар
  7. Аңсарым
  8. Ақ Үрпек Балапаным
  9. Ауыртпа Алла Анамды
  10. Кеттің Ана Мәңгіге